20 ақпанда Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында Ілияс Кардың ісі бойынша үкім шықты. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Судья Ілияс Караны 10 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды және зардап шеккен төрт адамның өкілдеріне моральдық шығын ретінде әрқайсына 3 миллион теңге төлеуі тиіс. Прокурор Ілияс Карды сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған.
2018 жылы 29 желтоқсанда Mercedes Gelandewagen көлігіне мінген Ілияс Кар Mitsubishi Galant көлігін соққан. Жол апатынан 33 жастағы жүргізуші Бақытнұр Құнапияұлы, 45 жастағы Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік театрының актрисасы Шолпан Елгезекова және 40 жастағы Динара Хамитова қаза тапқан. 41 жастағы актриса Айзада Сатыбалдиева ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Тергеу кезінде Ілияс Кардың мас болғаны анықталған.
ПІКІРЛЕР