Accessibility links

Ұлттық бюро: Теміржолдағы жемқорлық азаймай тұр


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро Қазақстанда теміржолдағы жемқорлық азаймай тұрғанын мәлімдеді. Бюроның дерегінше, әр жолаушылар пойызынан күніне заңсыз жолмен шамамен 100 мың теңге "жиналады".

Жемқорлыққа қарсы қызметтің дерегінше, жолаушылар жолсерікке билетсіз отырғызғаны үшін, жүк және зат беріп жіберу үшін пара береді.

"Жолсеріктер параны пойыз басшысына жинап береді. Ол жиналған ақшаны әрі қарай жібереді. Орта есеппен күніне бір пойыздан заңсыз жолмен шамамен 100 мың теңге ақша түседі. Бір айдың ішінде - 3 миллион теңге. Бұл қаржының қайда кететіні белгісіз" деп айтылған бюро жариялаған видеода.

8 ақпанда жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро "Қазақстан темір жолы" компаниясына қатысты жүргізген үш айлық операция кезінде пара алуға қатысы бар елуден астам адамды анықтаған. Оның 31-і - "Қазақстан темір жолы" компаниясының қызметкері.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG