Accessibility links

Венесуэланың шекаралас ауданында болған қанды оқиғадан екі адам қаза тапқан


Венесуэланың Бразиялиямен шектесетін ауданында тұрған сақшылар мен бейбіт тұрғындар. 22 ақпан 2019 жыл
Венесуэланың Бразиялиямен шектесетін ауданында тұрған сақшылар мен бейбіт тұрғындар. 22 ақпан 2019 жыл

Венесуэланың Бразилиямен шектесетін аумағында жұма күні полиция шекараның жабылуына қарсылық танытқан топқа оқ атып, соның салдарынан екі адам қаза тапқан. Кемінде 12 адам жараланған.

Бұл оқиғадан соң үш солдат із-түзсіз жоғалған. Оларды ұрлап әкеткен болуы мүмкін. Шекаралас ауданда шоғырланған Кумаракараи ауылының тұрғындары оппозициялық саясаткер, бұған дейін өзін "елдің уақытша президентімін" деп жариялаған Хуан Гуайдоны қолдайды. Ол көп венесуэлалықтарға азық-түлік пен дәрі-дәрмек қажеттігін мәлімдеп, шетелден гуманитарлық көмек керектігін айтып келеді.

Ал шекараның жабылуын талап еткен ел президенті Николас Мадуро шетелден, оның ішінде АҚШ-тан келетін көмектің жеткізілуіне қарсы. Оның пікірінше, "гуманитарлық көмек – Венесуэлада АҚШ-қа тиімді режим орнатудың жолы".

Оқи отырыңыз: Мадуро Венесуэланың Бразилиямен шекарасын жапты

Дағдарысқа ұшыраған Венесуэладан 2015 жылдан бері 2,7 миллион адам кеткен. Қазіргі кезде венесуалалық мигранттар саны 3,5 миллионға жеткен. Мұндай дерек 22 ақпанда Женевада жарық көрген БҰҰ жоғарғы комиссарының босқындар ісі жөніндегі басқармасы мен Халықаралық көші-қон ұйымының бірлесіп әзірлеген баяндамасында айтылады. Баяндамада 2018 жылы Венесуэладан күн сайын шамамен бес мың адам кеткені жазылған. Мигранттардың басым бөлігі экономикалық себептерге байланысты және зорлық-зомбылықтан қауіптеніп өзге елдерге кеткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG