Accessibility links

Бұдан былай теңгеде орысша жазу болмайды


500 теңгелік банкнот. Көрнекі сурет
500 теңгелік банкнот. Көрнекі сурет

Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған "Ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы" жарлықта теңгедегі жазу тек мемлекеттік тілде болуы қажет деп жазылған.

Шет тілінде жазу тек инвестициялық және коллекциялық тиындар дизайнында болуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Теңге және оның ширек ғасырлық жолы

Қазіргі кезде қолданылып жүрген теңгеде қазақша жазумен қатар орысша сөздер де бар. Қазақстан Конституциясында орыс тілі мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қазақ тілімен бірге қолданылады деп жазылған. Ал елде мемлекеттік тіл статусына қазақ тілі ғана ие.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG