Accessibility links

Молдовада парламент сайлауы басталды


Кишинев, 21 ақпан 2019 жыл.
Кишинев, 21 ақпан 2019 жыл.

Молдовада жексенбі күні, 24 ақпанда парламент сайлауы басталады. Сайлауға 14 партия, бір блок қатысады. Сайлаушылар Молдова парламентінің 101 депутатын төрт жылға сайлайды. Парламентте басымдыққа ие болғандар болашақ үкімет құрамын анықтайды.

Әлеуметтік сауалнама нәтижесі парламентке негізінен үш партия өтуі мүмкін екенін көрсеткен: ресейшіл президенттік Социалистер партиясы (20 пайыз), Еуропамен байланысты нығайтуды көздейтін оппозициялық ACUM ("Қазір") блогы және олигарх Влад Плахотнюктің басқарушы Демократиялық партиясы (9 пайыз).

Сайлау алғаш рет аралас сайлау жүйесі бойынша өтеді яғни, 50 депутат партиялық тізім бойынша, 51 депутат жеке сайлау округтерінде сайланады. Сайлау учаскелеріне алғаш рет камералар орнатылып отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG