Accessibility links

Астана мен Бішкек қырғыз өнімдеріне шектеу қою мәселесін талқылайды


Картоп өнімдері. Көрнекі сурет.
Картоп өнімдері. Көрнекі сурет.

23 ақпанда Қазақстан премьер-министрі міндетін атқарушы Асқар Мамин Қырғызстан премьер-министрі Мухаммедкалый Абылгазиевпен телефон арқылы сөйлескен.

Олар негізінен Қырғызстан ауыл шаруашылығы өнімдерінің Қазақстанға тасымалдануына шектеу қою мәселесін талқылаған. Қырғызстан үкіметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, премьер-министрлер бұл мәселе бойынша Астанада үкіметаралық келіссөз өткізуге келіскен.

19 ақпанда Қазақстан көрші Қырғызстан және Өзбекстаннан келетін бірқатар ауыл шаруашылығы өнімдеріне уақытша тыйым салған. Фитосанитарлық шектеу Қырғызстаннан келетін картоп, алма, құрма және Өзбекстаннан тасымалданатын анарға қатысты болып отыр.

Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі соңғы кезде бұл өнімдерден зиянкес құрттардың жиі табылып жатқанын айтып, көрші елдердің фитосанитарлық талаптарды бұзып отырғанын мәлімдеген.

22 ақпанда Қырғызстан ауыл шаруашылығы министрлігі көрші елдің бұл мәселені алдын ала ескертпей, тасымалдау науқаны әбден тақалған кезде шешім қабылдағанын сынап, "Қазақстан бұл мәселені саясиландырып отыр" деп мәлімдеген.

Қырғыз тарабының айтуынша, бұған дейін Қазақстан Орто-Токой және Киров су қоймасында су көлемін бақылап отыру үшін камера орнатуды ұсынған. Бірақ Қырғызстан жағы келіспеген. Осыдан кейін бірқатар өнімдерге шектеу қою туралы ақпарат пайда болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG