Accessibility links

Петропавлда "діни алауыздық қоздырды" деп айыпталған азамат ақталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

22 ақпанда Петропавл соты "діни алауыздықты қоздырды" деп айыпталған Тимур Дәулетовті ақтаған. Бұл туралы "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау ұйымы хабарлады.

Үкім оқылған соң Дәулетов сот залында босатылды.

Бұл істі сот 2018 жылы 20 қыркүйекте қарай бастаған. Прокурор судьядан күдіктіге төрт жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесуді сұраған.

Айыптау актісі бойынша, Дәулетов "ВКонтакте" желісінде бес діни материал бөліскен. Оның үшеуі сараптамаға жіберілген.

Ұйым хабарына қарағанда, материалдар қатарында "Ақтөбедегі терактіге салафилердің қатысы жоқтығы туралы - шейх Мухаммад ибн Хадий әл-Мадхамет" атты видео, "Абдуррахим – ИГИШ(ИГИЛ) – ислам жаулары" және "Назратулла абу Ибрахим (Марьям) – ИГИЛ-дің адасуы" атты екі аудиофайл бар.

"Әділ сөз" "Түркістан облысы сот сараптамасы институтының маманы бұл материалдардан діни алауыздықты қоздыру белгілері бар" деп санағанын жазады. Алайда алматылық сарапшылар видео мен аудиолардан алауыздық белгілерін таппаған.

Оқи отырыңыз: 174-баппен сотталғандардың күресі

Ұйым жазуынша, Дәулетовті қорғаған адвокаттар – Александр Зенковский мен Индира Тілегенова "Әділ сөздің" ақпараттық дауды саралау орталығына жүгінген. Орталық мамандары "күдікке ілінген азамат бөліскен материалдар жастар мен білімсіз адамдарды ИГИЛ-ден сақ болуға шақырады" деп тұжырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG