Accessibility links

Шымкентте көп балалы аналар қала әкімімен кездесуді талап етіп жатыр


Шымкент қаласы әкімдігіне келіп, әкіммен кездесуді талап етіп тұрған аналар. 25 ақпан 2019.

25 ақпанда Шымкентте қала әкімдігіне келген ондаған көп балалы ана қала әкімі Ғабидолла Әбдіраxымовтың шығып, сұрақтарына жауап беруін талап етіп тұр.

Таңертең 9.00-ден қала әкімдігіне келген елуден аса көп балалы ана қала әкімдігінің қызметкерлерінің берген жауабына қанағаттанбай, қала әкімінің қабылдауын талап ете бастады. Көп балалы аналардың кейбірі балаларын ерте келген.

Әкімдік дәлізінде тұрған олар әкімнің сыртқа шығып, өздерімен кездесуін сұрап айқайлады. Он шақты көп балалы ана ішке кіре алмай тұр.

Келгендердің бірі Карима Хайдарбекованың айтуынша, алпыс шақты ана әкімдікке келіп, әкіммен бейбіт түрде кездесіп, сөйлеспек болған. "Баспана, мүгедек баласы бар көп балалы аналардың жайы сияқты бірнеше мәселені айтпақ едік" деді ол.

Көп балалы ананың айтуынша, 16 ақпанда қала әкімдігінің қызметкерлері көп балалы аналардың арызын қабылдап алғанымен, еш нәтиже болмаған. Әкімдікке келген аналардың кейбірімен қала әкімінің орынбасары Нұрсадық Ергешбек кездесіп, арыздарын кезекпен жазбаша түрде қабылдап алған.

Жиналғандарды полиция күзетіп тұр.

Видео: Аналардың талабы қандай?

Билікке наразы көп балалы аналар
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:47 0:00

4 ақпанға қараған түні Астананың Көктал-1 шағын ауданында жеке үйдің ауласындағы уақытша баспана өртеніп, бір отбасындағы 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туған бес қыз бала опат болған еді.​ Осы оқиғадан кейін көп балалы аналар наразылығы күшейген.

6 ақпанда Астанада жүздеген ана жиналып, биліктен жәрдемақы мен жөргекпұлды өсіруді, көп балалы отбасылардың балаларына тегін білім беруді, ана мен баланы тегін емдеуді, баспана алуды жеңілдетуді талап еткен. Кейін астаналық аналардың талабын басқа аймақтағы әйелдер де қолдаған. Астана және Алматы қаласы әкімінің есеп беру жиынында да көп балалы аналар әлеуметтік мәселені көтерген.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG