Accessibility links

Қарағандыдағы травматология орталығы өртенді


Көрнекі сурет.

26 ақпанға қараған түні Қарағанды қаласындағы облыстық Мақажанов атындағы травматология мен ортопедия орталығында өрт шықты. Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер келгенде мекемедегі медбикелер ғимаратында жиһаз, тұрмыстық техника, ағаш қабырға отқа оранған. Барлығы 20 шаршы метр жерді жалын шарпыған.

Оқиға орнынан 22 науқас және үш медицина қызметкері эвакуацияланды. Өрт түнгі сағат 00.16-де сөндірілді.

Құтқарылғандар орталықтың негізгі ғимаратына көшірілді. Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Оқиға орнында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 52 қызметкері мен 11 техникасы жұмыс істеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG