Accessibility links

Джереми Корбин Brexit бойынша екінші референдумға дайын


Джереми Корбин.
Джереми Корбин.

Ұлыбританияның оппозициялық Лейбористік партиясының жетекшісі Джереми Корбин парламентте, егер сәрсенбі, 26 ақпанда елдің Еуропа одағынан (ЕО) шығу туралы келісім жобасы кері қайтарылса Brexit бойынша екінші рет референдум өткізуге ұсыныс жасайтынын мәлімдеді.

BBC мұны елеулі жаңалық деп санайды, себебі Корбин бұған дейін екінші референдумға қызығушылық танытпаған. Әзірге лейбористер екінші референдумға қатысты ұсыныстарының мән-жайын ашып айтпай отыр.

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй елді Еуроодақтан шығару бойынша келісімге қатысты жиі сыналады. Келісімді сынаушылардың айтуынша, сауда, көші-қон, шекара мәселелері бойынша құжаттағы шарттар Ұлыбританияның мүддесіне қайшы келеді. Ұлыбритания 2019 жылы 29 наурызда Еуроодақтан шығады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG