Accessibility links

Оңдасын Оразалин Ақтөбе облысының әкімі қызметіне тағайындалды


Ақтөбе облыстық әкімдігі ғимаратынан шығып келе жатқан адамдар. 7 ақпан 2019 жыл.
Ақтөбе облыстық әкімдігі ғимаратынан шығып келе жатқан адамдар. 7 ақпан 2019 жыл.

Оңдасын Оразалин Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Азаттық тілшісі хабарлайды.

26 ақпанда премьер-министр Асқар Мамин облыс әкімдігінің активіне өңірдің жаңа басшысы Оңдасын Оразалинді таныстырды.

Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Бердібек Сапарбаев кеше, 25 ақпанда еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрі болып тағайындалған болатын.

Оңдасын Оразалин 1963 жылы Ақтөбе облысында туған. 1985 жылы Ақтөбе университетін тәмамдағаннан кейін осы өңірде оқытушылық, кәсіпкерлік, басшылық қызметтер атқарған. 2005- 2006 жылдары Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болған.

2006 жылдан бері Қазақстан президенті әкімшілігінде қызмет еткен.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG