Accessibility links

"Нұр Отан" съезінің қарсаңында белсенділерді полиция шақыртып жатыр  


Көрнекі сурет.

Қазақстанның бірнеше қаласындағы белсенділер өздерін полиция шақыртып, ескерту жасап жатқанын хабарлады. Алматыдағы қоғам белсендісі Халелхан Ыбрайымханұлы өзін полицияға кеше, ақпанның 25-і күні кешке шақыртылғанын айтады. 26 ақпанда белсенді қалалық полиция департаментінде «тергеушімен жарты сағаттай әңгімелесіп шыққан».

- Кеше маған учаскелік полицей келіп, мені «қорғалуға құқығы бар куәгер» ретінде полицияға шықыртты. Келсем, сол баяғы қоятын сұрақтары, «митингке шығасыз ба?», «ҚДТ-ны, Әблязовты қолдайсыз ба?» деді. «Жоқ» дедім. Содан кейін «митингке шықсам, көшеге шықсам жауапқа тартылатынымды ескерткен» қағаздарға қол қойып шықтым,- деді белсенді Азаттыққа.

Қалалық полиция департаменті белсендіні шақыртқанын растағанымен, баспасөз қызметі оның себебін түсіндірген жоқ.

Белсенді Ринат Рафхаттың әлеуметтік желіде жазуынша, Маңғыстау облысында да осыған ұқсас шақыртулар болған. Ақпанның 26-сы күні Ақтаулық белсенді Нұрияш Абдреймова мен Жаңаөзен қаласында Серік Бақтыбайұлын да полиция бөлімшесіне шақыртқан. Көп ұзамай оларды босатқан.

Белсенділер бұл шақыртулардың ақпанның 27-сі күні болатын «Нұр Отан» партиясының съезі қарсаңында болып жатқанын айтады. Олардың сөзінше, «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысының жетекшісі Мұхтар Әблязов съезд күні халықты партия кеңселерінің алдына жиналуға әлеуметтік желі арқылы шақырған.

Қазақстанда қуғындағы бұрынғы банкир әрі биліктің сыншысы Мұхтар Әблязов басқаратын ҚДТ қозғалысы "экстремистік ұйым" деп Қазақстан аумағында тыйым салған. Содан бері елде осы қозғалыстың жақтастарына қарсы бірнеше қылмыстық іс қозғалды.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

ҰБТ-ның алғашқы күні қалай өтті?
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:44 0:00
Ұлттық бірыңғай тестілеу

ҰБТ-ның алғашқы күні қалай өтті?

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG