Accessibility links

Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды


Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Өмірзақ Шөкеев. Астана 16 қаңтар 2015 жыл (Сурет akorda.kz сайтынан алынды)
Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Өмірзақ Шөкеев. Астана 16 қаңтар 2015 жыл (Сурет akorda.kz сайтынан алынды)

26 ақпанда Қазақстан президенті жарлығымен Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

55 жастағы Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласында дүниеге келген. 1986 жылы Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын экономист-математик мамандығы бойынша тәмамдаған.

Шөкеев бұған дейін 2006 жылы сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болған. Кейін премьер-министрінің орынбасары, "Самұрық-Қазына" басқармасының төрағасы болды. 2017 жылдың желтоқсанынан бері премьер-министрдің орынбасары - ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқарып келді.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG