Accessibility links

Қырғыз журналисі Франциядан босқын мәртебесін алды


Журналист Улугбек Бабакулов
Журналист Улугбек Бабакулов

Қырғызстандық журналист Улугбек Бабакулов Франциядан босқын мәртебесін алды. Ол 25 ақпанда Францияның босқындар мен азаматтығы жоқ адамдар ісі бойынша басқармасынан (OFPRA) осындай ақпарат алған деп хабарлайды «Фергана.ру» сайты.

Улугбек Бабакулов екі жыл бұрын «ұлтаралық араздық тудырды» деп айыпталған соң Қырғызстаннан кетіп қалған.

«Өз елімнің билігі жала жауып, маған қарсы қылмыстық іс қозғап, бақылауындағы БАҚ арқылы мені жаппай күйелеу науқанын ұйымдастырды. Енді мені және отбасымды Франция билігі қорғауына алып отыр»,- дейді ол.

Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Бабакуловқа қарсы қылмыстық істі 2017 жылдың 9 маусымда қозғаған. Журналист Fergananews.com сайты мен өзге де ресурстарда «арандату сипатындағы мақала жазды» деп айыпталған.

Қырғызстан арнайы қызметінің хабарлауынша, Бабакулов «арандату сипатындағы» мақалаларды саяси баспана алу мақсатында жазған.
Журналист бұл айыптауларды мойындамайды және мұның барлығы сол кездегі Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың тарапынан жасалған қысым деп санайды.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG