Accessibility links

ЕҚЫҰ Қазақстанда журналистердің ұсталуына алаңдаушылық білдірді


Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының баспасөз еркіндігі жөніндегі өкілі Арлем Дезир. Алматы, 24 мамыр 2018 жыл.
Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының баспасөз еркіндігі жөніндегі өкілі Арлем Дезир. Алматы, 24 мамыр 2018 жыл.

Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) баспасөз еркіндігі жөніндегі өкілі Арлем Дезир 27 ақпанда Алматы, Жаңаөзен және Орал қалаларында бірнеше журналист пен блогердің ұсталуына байланысты алаңдаушылық білдірді.

ЕҚЫҰ өкілі мәлімдемесінде "журналистердің кәсіби міндетін орындауға кедергі ететін аз уақытқа ұстау тәжірибесіне алаңдайтынын" айтқан. Оның сөзінше, "әлеуметтік наразылық пен қоғам үшін маңызды мәселелерді көпшілікке жеткізу міндетін атқарған журналист кәсіби жұмысы үшін жазаланбауы тиіс".

ЕҚЫҰ мәлімдемесінде 27 ақпанда Жаңаөзен қаласында Азаттық тілшісі Сәния Тойкен мен оператор Санат Нұрбековтің ұсталғаны айтылған. Журналистерді Ақтау қаласындағы облыстық полиция департаментінде алты сағат ұстап, жауап алғаннан кейін босатқан. Сол күні Алматы мен Оралда блогерлер Асхат Берсәлімов пен Асқар Шайғұмаров та ұсталды.

Арлем Дезир Қазақстанда соңғы кезде журналистерді жөнсіз ұстау тәжірибесі жиілеп кеткеніне байланысты үкіметке өз алаңдаушылығын жеткізетінін мәлімдеді. ЕҚЫҰ өкілі құқық қорғау органдары қоғамдық наразылық кезінде журналистердің жұмысына кедергі келтірмеуі тиіс екенін еске салды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG