Accessibility links

Мәскеу соты Kaspi.kz инвесторын қамауда қалдырды


Baring Vostok қорының негізін қалаушы, Kaspi.kz-тің ірі инвесторы Майкл Калви. Мәскеу, 3 ақпан, 2011 жыл.

Мәскеу қалалық соты Baring Vostok қорының негізін қалаушы, Kaspi.kz-тің ірі инвесторы Майкл Калвиді қамауда қалдырды. Бұл туралы Азаттықтың Орыс қызметі 28 ақпанда хабарлады. Кәсіпкерге "аса ірі көлемде алаяқтық жасады" деген айып тағылған.

Майкл Калвидің қамалғаны 15 ақпанда белгілі болды. Тергеушілер кәсіпкерді "Восточный" банкінен 2,5 миллиард рубль ұрлау үшін алаяқтық схема құрды деп айыптады. Іс осы банктің директорлар кеңесінің мүшесі Шерзод Юсуповтың арызы бойынша қозғалған. Калви 13 сәуірге дейін уақытша қамау изоляторына жіберілді.

Бұдан кейін бес ірі бизнес-ассоциация Ресей тергеу комитетінің басшысы Александр Бастыркинге Калвиді кепілмен үйқамаққа ауыстыруды сұрап xат жазған.

"Бэринг Восток" – Ресейдегі ең ескі әрі ең ірі тікелей инвестиция қоры. 25 жыл бұрын құрылғалы бері ол 3,7 миллиард доллардан астам капитал жинап, бірнеше елдегі 80-ге жуық жобаға, соның ішінде Қазақстандағы Kaspi.kz-ке инвестиция салған. 2018 жылғы 1 қазандағы мәлімет бойынша, "Бэринг Восток" қоры Қазақстандағы Kaspi Bank-тің 39,5 пайыз акциясына иелік етеді.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Зеленскийдің олигархпен байланысы
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:32 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG