Accessibility links

Абаев интернеттегі кідіріс туралы сұраққа жауап берді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

1 наурызда Астанада ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Жиында министр Дәурен Абаев интернеттің бұғатталуына қатысты журналистер сұрақтарына жауап берді.

"Бұл сұрақ мыңыншы рет қойылды, мың рет жауап бердік" деген министр интернет желісінің көптен бері күнделікті қажеттілікке айналғанын атап өтті.

Ол бұл сұрақты осы мәселелермен айналысатын органдарға жолдауға уәде берген. Министр сонымен бірге интернет қолданушылар саны өсіп жатқан кезде "кейде техникалық өзгерістер, кедергілер болуы мүмкін" деп айтқан.

Оқи отырыңыз: Әлеуметтік желідегі кідіріс министрді күмілжітті

Қазақстандық интернет қолданушылар кешкісін елде әлеуметтік желілерге кіру қиындайтынын жиі айтып шағымданады. Интернеттегі бөгетке қатысты сұраққа Абаев бұған дейін де бірнеше рет жауап берген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG