Accessibility links

SpaceX ғарышкерлер таситын "Союзға" "балама" кемесін ұшырды


Crew Dragon кемесі капсуласы.
Crew Dragon кемесі капсуласы.

Жексенбі күні америкалық SpaceX компаниясы АҚШ-тың Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағынан Falcon 9 зымыран тасығышын ұшырды. Ол Crew Dragon кемесін ғарышқа шығарған. Кеме жексенбі күні Халықаралық ғарыш станциясымен түйісуі тиіс. Компания зымыранның ұшу сәтінен Youtube-те тікелей трансляция жасады.

Бұл - ғарышты игеру тарихындағы адам таситын алғашқы коммерциялық кеме болмақ. NASA жоспары бойынша, Crew Dragon және Boeing компаниясының кемелері 1960-жылдары құрастырылған ресейлік "Союз" кемелерін алмастыруы тиіс. Әзірге "Союз" - Халықаралық ғарыш станциясына ғарышкерлерді тасып жатқан жалғыз кеме.

Жексенбі күнгі ұшыру сынақ болғандықтан Crew Dragon кемесінің бортында экипаж мүшелері болған жоқ. Кеме Халықаралық ғарыш станциясымен түйіскен соң орбитада шамамен бір апта уақыт кідіреді. Содан соң қайта Жерге оралуы керек.

Қарай отырыңыз: Қазақстан не үшін Falcon 9-ды таңдады? (4 желтоқсан 2018 жыл).

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG