Accessibility links

Трамп Клинтонның сайлауға түспейтініне қынжылды


АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон.
АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон.

АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің бұрынғы саяси бақталасы Хиллари Клинтонның алдағы президент сайлауына қатыспайтынына қынжылатынын айтты.

"Қап, енді онымен бәсекеге түспеймін бе? Оның жоқтығы қатты білінетін болды!" деп жазған Трамп.

АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон 4 наурызда New York City TV арнасына берген сұхбатында 2020 жылы өтетін президент сайлауына кандидатурасын ұсынбайтынын айтқан.

- Сайлауға қатыспаймын, бірақ өзім білетін, сенетін іспен айналысып, жұмысымды жалғастыра беремін. Мені елдегі жағдай қатты алаңдатады, - деді Клинтон.

71 жастағы Хиллари Клинтон бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшысы болып істеген. Оның алдында Нью-Йорк штатынан сенатқа сайланып, сегіз жыл қызмет атқарған.

2016 жылы АҚШ президенті сайлауында көпшілік жеңіске жетеді деп үміт артқан Хиллари Клинтоннан бәсекелесі Дональд Трамп озған. Бұған дейін берген сұхбаттарында Клинтон сайлаудағы жеңілісі жанына бататынын айтқан еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG