Accessibility links

Павлодарда жатақханадағы жарылыстан бір адам мерт болды


Павлодар облысының картасы.
Павлодар облысының картасы.

6 наурызда Павлодарда бес қабатты жатақханада болған жарылыстан бір адам қаза тауып, бір адам зардап шеккен. Бұл туралы Павлодар қалалық төтенше жағдайлар басқармасы хабарлады.

Биліктің хабарлауынша, жарылысқа не себеп болғаны әзірше белгісіз. Жатақханада тұрып жатқан отбасылар күнделікті тұрмыс қажетіне газ пайдаланбаған. Қазір төтенше жағдайлар қызметі мамандары өрттің шығу себебін тексеріп жатыр.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, жатақхана маңайын полиция қоршап тұр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG