Accessibility links

Назарбаев: Көп балалы отбасылар көмекті сәуірден бастап алуы керек


Вице-премьер Гүлшара Әбдіхалықова (сол жақта), премьер-министр Асқар Мамин (сол жақтан екінші) мен президент әкімшілігінің жетекшісі Әсет Исекешов (оң жақта) Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында отыр. Астана, 6 наурыз 2019 жыл.
Вице-премьер Гүлшара Әбдіхалықова (сол жақта), премьер-министр Асқар Мамин (сол жақтан екінші) мен президент әкімшілігінің жетекшісі Әсет Исекешов (оң жақта) Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында отыр. Астана, 6 наурыз 2019 жыл.

6 наурызда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министр Асқар Маминді, президент әкімшілігінің жетекшісі Әсет Исекешевті және премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықованы қабылдады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

Назарбаев Маминге елдегі көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмекті 1 сәуірден бастап төлеуді тапсырған. Президент тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсету жолдарын жан-жақты талқылау керектігін ескерткен.

Президентті үкіметтің алдағы жұмыс жоспарымен таныстырған Маминнің сөзінше, шағын қалалардың инфрақұрылымын дамыту, мектеп, ауруханалар салу жоспарланған.

27 ақпанда Астанада "Нұр Отан" партиясының 18-съезінде Назарбаев "мемлекет бюджетінің 45 пайызын әлеуметтік салаға жұмсауды" тапсырған.

21 ақпанда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметті таратқан еді. Ол Бақытжан Сағынтаев басқарған министрлер кабинетін "экономиканың сапалы өсіміне қажетті ынталандыру жасамады және халықпен жұмыс істей алмады" деп cынаған. Тараған үкімет жетекшісінің бірінші орынбасары болған Асқар Маминді Назарбаев премьер-министр қызметіне тағайындаған.

5 наурызда министрлер кабинетінің жаңа мүшелері баспасөз мәслихатын өткізіп, шілдеден бастап мұғалімдер, дәрігерлер және мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 30 пайызға өсетінін айтқан.

4 ақпанға қараған түні Астананың Көктал-1 шағын ауданында жеке үйдің ауласындағы уақытша баспана өртеніп, бір отбасындағы 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туған бес қыз бала опат болған еді.​ Осы оқиғадан кейін елде көп балалы аналар наразылығы күшейіп, тұрғындар биліктен халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруді талап еткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG