Accessibility links

Ауғанстанда жарылыстан 16 адам қаза тапты


Жалалабадтағы жарылыстан зардап шеккендер. Ауғанстан, 6 наурыз 2019 жыл.

Ауғанстанның Нангархар уәлаятының әкімшілік орталығы - Жалалабад қаласында 6 наурызда болған жарылыстан кемінде 16 адам қаза тауып, он адам жараланған. Әуежайға жақын орналасқан құрылыс компаниясына екі адам шабуыл жасаған. Бұл туралы Азаттықтың Ауған қызметі хабарлады.

Нангархар уәлаяты губернаторының баспасөз хатшысы Аттаулла Хогьянидің айтуынша, екі жанкешті құрылыс компаниясы ғимаратына кіріп, өз-өзін жарған. Кейін әскерилер мен қарулы топ арасында атыс басталған. Қаза тапқандар мен жараланғандар арасында құрылыс компаниясының жұмысшылары бар. Хогьяни құрылыс компаниясына шабуылдағандардың көзі жойылды деп хабарлады.

Әзірге ешбір ұйым жарылыс жауапкершілігін мойнына алған жоқ. Бұған дейін Жалалабадта болған бірнеше шабуылды "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы мен "Талибан" қозғалысы мойнына алған еді.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Коронавирус деген не? Бүлдіршіндерге түсіндіреміз
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:41 0:00
XS
SM
MD
LG