Accessibility links

Эфиопияда 157 жолаушы отырған ұшақ апатқа ұшырады


Ethiopian Airlines ұшағы.
Ethiopian Airlines ұшағы.

Эфиопияда Аддис-Абебадан Кения астанасы Найробиге ұшқан "Боинг-737" ұшағы апатқа ұшырады. Алдын ала дерек бойынша Ethiopian Airlines ұшағында 149 жолаушы және сегіз экипаж мүшесі болған.

Авиакомпания таратқан хабарламада іздеу жұмыстары жалғасып жатқандықтан әзірге қаза тапқандар мен тірі қалғандар саны туралы нақты дерек жоғы айтылады. Компания қызметкерлерін апат орнына жіберген.

Ұшақтың апатқа ұшырау себебі анықталып жатыр. Компания мәлімдемесінде ұшақтың Дебре Зейт қаласы маңындағы Бишофту вулканы жанында құлағаны айтылады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG