Accessibility links

Қырғызстан билігі "жемқор милиционерлерді қызметтен қуады"


Милиция қызметкерлері. Көрнекі сурет.
Милиция қызметкерлері. Көрнекі сурет.

Қырғызстан ішкі істер министрлігі (ІІМ) "милиция абыройына нұқсан келтіретін жемқор қызметкерлерді қызметтен қуады". 9 наурызда министрліктің ресми сайтта жарияланған мәлімдемеде "жазадан ешкім жалтарып кетпейді" деп жазылған.

Министрлік хабарламасында "ІІМ министрі Кашкар Джунушалиев ішкі істер органдарын қызмет мүддесін сатып кеткен, жемқор, заңды бұзатын, осы арқылы қоғам алдында милицияны жаманатты етіп, абыройына нұқсан келтіретін қызметкерлерден ұдайы тазалап отыруды мақсат етеді" деп жазылған.

Бұдан бірнеше күн бұрын, 7 наурызда, Бішкектегі Ленин ауданының екі тергеушісі істі доғару үшін 300 доллар пара алып жатқан кезінде ұсталған. Оның бірі тергеу изоляторына қамалған.


Ал ақпанда Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков кісі өлімі болған жол апатына қатысы бар милиционерлердің ұсталуы жайлы пікір айтып жатып: "Азаматтарымыз тап баяғыдай "Милициям мені қорғайды" деп сеніммен айта алатындай етуіміз керек" деген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG