Accessibility links

БАҚ: АҚШ президенті сайлауына араласуы мүмкін Ресей айласын өзгертеді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресейдің "интернет-тролльдері" тап 2016 жылғы сайлау кезіндегідей 2020 жылы да АҚШ-тағы сайлауалды кампаниясына араласуы мүмкін. Бірақ айласын өзгертеді. Бұл туралы "тролльдер" әрекетін бақылайтын киберқауіпсіздік саласындағы америкалық сарапшыларға сілтеме жасап, Bloomberg агенттігі жазды.

Сарапшылар дерегінше, бұдан былай ресейлік "тролльдер" лақап атпен аккаунт ашып, белгілі бір идеяны америкалықтар арасында таратпайды. Мұның орнына, басылым жазуынша, олар өмірде расымен бар адамдардың парақшаларына қолдау көрсетіп, экстремистік, қоғамды жікке бөлетін пікірлерді сонда жарнамалайды.

Facebook пен Twitter сияқты компаниялар лақап атпен тіркеліп, саяси жарнамамен айналысатын фейктермен күресті күшейткен. Bloomberg жазуынша, ресейлік тролльдер тактикасы сөзсіз осы шаралардан соң өзгерген.

Өткен аптада Федералдық барлау қызметінің директоры Кристофер Рей "Әлеуметтік желілер - АҚШ сайлауына шетелден әсер етудің әлі де ең басты құралы" деген.

Осы кезге дейін АҚШ конгресінің кемінде үш комитеті 2016 жылы өткен АҚШ президенті сайлауына Ресейдің ықтимал килігуінің түрлі аспектілерін зерттеген. АҚШ барлау қауымдастығы Ресей АҚШ-тағы сайлау кампаниясына хакерлік шабуылдар мен пропагандалық материалдар тарату арқылы араласып, дауыс беру кезінде Трампты қолдаушылардың көп болуына ықпал етуге тырысқан деген қорытынды жасаған.

Ресейлік шенеуніктер шет мемлекеттердегі сайлауға Мәскеудің араласқаны туралы айыптауларды бірнеше рет терістеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG