Accessibility links

Бішкек мэриясы өкілі әйелдер маршынан соң пікір білдірді


8 наурызда Қырғызстанда өткен әйелдер маршынан көрнекі сурет.
8 наурызда Қырғызстанда өткен әйелдер маршынан көрнекі сурет.

Бішкек мэриясы аппаратының жетекшісі Балбак Тулобаев 8 наурызда өткен, ЛГБТ жақтаушылары да қатысқан әйелдер маршы жайлы пікір білдірді.

Facebook парақшасындағы жазбасында Тулобаев "мэрия үлгермей жатқан шаруа бастан асады. Жұмыс қарбалас кезде тағы бір мәселе – 8 наурыздағы марш шықты" дейді.

"Мэрияда марштың қаншалықты заңды екенін ойлап жатқанда, сынның астында қалдық. Халқым, кінәлі болсақ, жазалаңыздар. Бір жағынан "қоғам қайда кетіп барады?" деп ойласам, көңілім түседі. Ұлттық құндылықтарды қайтеміз? Заң жазар кезде салт-дәстүрді, халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан өмірін есепке алғанда ғой. Қазіргідей ештеңе болмас еді" деп жазады Тулобаев.

"Кырк чоро" деген атпен танымал қоғамдық бірлестік 13 наурызда Бішкек мэрі Азиз Суракматов пен 8 наурызда марш өткізуге рұқсат беруге қатысы бар өзге де қызметкерлердің отставкаға кетуін талап етіп, митинг өткізбек.

Қарай отырыңыз: Бішкектегі әйелдер маршы қалай өтті?

8 наурызда Бішкекте жүздеген азамат қатысқан әйелдер маршы өтті. Қатысушылар әйелдер құқығы мен қоғамдағы гендерлік теңдік мәселесін көтерген. Жиында сондай-ақ жыныстық азшылық өкілдері де болған. ЛГБТ өкілдерінің маршқа қатысуы жайлы әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG