Accessibility links

Қырғызстан жұма күнгі уағыздар жайлы ереже қабылдады


Бішкек мешіттерінің біріндегі намаз.
Бішкек мешіттерінің біріндегі намаз.

Қырғызстан мұсылмандар діни басқармасының шешімімен, елдегі мешіттерде жұма күнгі құтпа мен уағыз қырғыз тілінде (қажет кезінде ғана орыс тілінде) оқылады. Мұсылмандар діни басқармасы мүфтиі Мақсатбек Токтомушев 6 наурызда осындай пәтуа шығарған. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

Мүфти қол қойған құжатқа сай, жұма күнгі уағыздар мен құтпа аз ұлт өкілдері тұратын аймақтарда да қырғыз тілінде оқылуы тиіс.

Қырғызстанда 6,2 миллион адам тұрады. Олардың 73 пайызы - қырғыздар. Бұл елде қырғыз тілі - мемлекеттік тіл, ал орыс тілі - ресми тіл болып саналады.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG