Accessibility links

Ресей жеңіл атлеттерінің жарысқа қатысуына салынған тыйым ұзарды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы (IAAF) Ресей спортшыларына салынған шектеудің уақытын ұзартты. Ресейлік атлеттер халықаралық жарыстарға Ресей туы астында қатыса алмайды. Бұл шешім 11 наурызда Дохада өткен IAAF жиынында қабылданды.

Ресей жеңіл атлетика федерациясы 2015 жылы қарашада Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) тексеруінен соң жарыстардан шеттетілген. WADA тексеруден кейін "Ресейде тыйым салынған препараттарды мемлекеттік деңгейде қолдау бағдарламасы бар" деген қорытынды жасаған. Ресей билігі кейбір спортшылардың допинг қолданғанын мойындағанымен, "оларға мемлекеттен қолдау болды" деген айыпты жоққа шығарған.

Ондаған ресейлік атлет халықаралық турнирлерге бейтарап спортшы ретінде қатысып жүр. Оларға жарыс кезінде Ресей туын алып шығуға, ел туына ұқсас атрибуттарды, Ресейден екенін білдіретін белгілерді көрсетуге тыйым салынған.

Ресейге қатысты салынған бұл шектеу қай уақытта тоқтайтыны әлі белгісіз.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG