Accessibility links

Серікжан Біләш қамаудан босатылып, үйқамаққа алынды


Серікжан Біләш.

"Ұлтаралық араздықты қоздырды" деген күдікке ілінген "Атажұрт еріктілері" ұйымының жетекшісі Серікжан Біләш 11 наурызда изолятордан шығып, үйқамаққа алынды. Бұл туралы Біләштің адвокаты Айман Омарова Facebook желісінде хабарлады. Ақпаратты "Атажұрт еріктілері" ұйымының мүшесі Қайрат Байтолла растады.

Серікжан Біләшті уақытша тергеу изоляторынан босатып, үйқамаққа алу туралы шешімді 11 наурызда кешкісін Астана қалалық тергеу соты шығарды.

"Сот шешіміне сай, Серікжан Біләш екі ай көлемінде Астанада болып, тергеуге келіп жүруі тиіс" деді "Атажұрт еріктілері" ұйымының мүшесі Қайрат Байтолла Азаттыққа.

"Атажұрт еріктілері" ұйымының жетекшісі Серікжан Біләшті полиция қызметкерлері 10 наурызда Алматыдағы қонақ үйден түнгі екі жарым шамасында ұстап әкеткен. Біләштің "ұлтаралық араздық қоздырды" деген күдікке ілінгенін, қазір тергеу жүріп жатқанын Астана қалалық полиция департаменті растаған.

"Атажұрт еріктілері" ұйымы 2017 жылдың көктемінен бастап белсенді жұмыс істей бастады. Қытай билігінің аз ұлттарға көрсетіп жатқан қысымына қарсы шығып, Алматыда түрлі жиындар мен баспасөз мәслихатын өткізді. Туған-туыстары мен жақындары Шыңжаңда қамауда отырғандардан сұхбат алып, видеоларды Youtube және Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшаларында үздіксіз жариялап келеді.

  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG