Accessibility links

Ресей қорғаныс министрінің күйеубаласы бас прокурор орынбасары болды


Ресей президенті Владимир Путин мен қорғаныс министрі Сергей Шойгу.
Ресей президенті Владимир Путин мен қорғаныс министрі Сергей Шойгу.

Ресейде федерация кеңесі 14 наурызда өткен отырысында елдегі бас прокурор Юрий Чайканың жаңа орынбасарын тағайындады. Бұл қызметке Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгудың күйеубаласы, Мәскеу облыстық прокуратурасының басшысы Алексей Захаров отырды.

Захаровтың кандидатурасын бас прокурор орынбасарын бекітетін парламент жоғарғы палатасының қарауына Ресей президенті Владимир Путин ұсынған.

"Коммерсант" басылымының дерегінше, Захаров Солтүстік-Батыс федералдық округіне жауап береді.

Бұған дейін бас прокурор орынбасары болған Саак Карапетян 2018 жылдың қазанында тікұшақ апатында қаза тапқан. Екі айдан соң бас прокурордың екі орынбасары, Иван Семчишин мен Александр Гуцан, отставкаға кеткен. Олардың орны әлі бос тұр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG