Accessibility links

БАҚ: Ресейдегі бір ауруханада жүзден аса балаға С гепатиті жұққан


Благовещенск қаласындағы облыстық балалар ауруханасы. Амур облысы, Ресей.

Ресейдің Благовещенск қаласындағы Амур облыстық балалар ауруханасының онкологиялық бөлімінде соңғы бірнеше жылда С гепатиті жұққан бала саны жүзден асқан. Бұл туралы 14 наурызда "Коммерсантъ" газеті хабарлады.

Ата-аналары ауруханада балаларға талапқа сай келмейтін шприц мен катетер қолданып, вирус содан жұққан деп санайды. Дәрігерлер вирус қан құйған кезде жұқты деп түсіндіреді.

Балалардың барлығына бір тектес вирус жұққаны анықталған деп жазады басылым. Оларға вирус бір мекемеде жұққан деген болжам бар. 2018 жылы желтоқсанның соңында баспасөз құралдары Благовещенскідегі облыстық балалар ауруханасында оннан астам балаға С гепатиті жұққаны туралы хабарлаған. Кейін билік орындары вирус жұқтырғандар саны 26 адам деп мәлімдеді.

Өткен жылы жазда ата-аналар Роспотребнадзор мекемесіне арыз жазып, Благовещенск қаласындағы Амур облыстық балалар ауруханасын тексеруді сұраған. Арыз бойынша жүргізілген тексеру ауруханада емделген балаларға С гепатиті жұққанын анықтағаннан кейін, тергеу орындары санитарлық-эпидемиологиялық ереже талаптарын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.


ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

"Негативті емес, позитивті түсіріңдер!"
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:41 0:00
XS
SM
MD
LG