Accessibility links

Астанадағы ғимараттардың бірінде газ баллоны жарылды


Газ баллоны жарылған ғимараттың маңы. 15 наурыз, Астана қаласы. (Сурет төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінен алынды).
Газ баллоны жарылған ғимараттың маңы. 15 наурыз, Астана қаласы. (Сурет төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінен алынды).

15 наурыз кешкісін Астана қаласында "МолПродуктсервис" компаниясының екі қабатты ғимаратында газ баллоны жарылды. Үш адам зардап шеккен. Олар ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы төтенше жағдайлар комитеті хабарлады.

Астана қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің дерегінше, екі адамды күйік шалған. Бір адам Астанадағы травматология және ортопедия институтына жеткізілген. Дәрігерлер оның диагнозын анықтап жатыр.

Комитеттің дерегінше, жарылыстан ғимараттың бірінші және екінші қабат арасындағы бөлігі опырылып түскен. Оқиға орнына жеке құрамнан 22 адам мен алты арнайы техника, екі жедел жәрдем бригадасы тартылған.

Газ баллон жарылған жерге Астана әкімі Бақыт Сұлтанов, төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер келген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG