Accessibility links

Қырғызстан шекара қызметі: Қырғыз-тәжік шекарасында жағдай тұрақты

Қырғыз-тәжік шекарасындағы тұрғындар наразылығы. 14 наурыз 2019 жыл.
Қырғыз-тәжік шекарасындағы тұрғындар наразылығы. 14 наурыз 2019 жыл.

Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қырғыз-тәжік шекарасында жағдай тұрақты.

16 наурыз таңертеңге дейін шекараға жақын елді мекендерде топтасып жүрген адамдар байқалмаған. Бірақ шекара қызметі ауданды күшейтілген режимде бақылап отыр.

Қырғызстан мен Тәжікстан делегациялары шекарадағы жағдайды реттеу мәселелері бойынша келіссөз процесін жалғастырып жатыр.

13 наурызда Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасы маңында қырғыздар мен тәжіктер арасында болған қақтығыстан бірнеше адам қаза тауып, бірнешеуі жараланған. Қақтығысқа Баткен ауданындағы Ақ-Сай - Тамдық бағыты бойынша жүрген жол жөндеу жұмыстары себеп болған.

Бұған дейін жағдайды екі ел президенттері талқылаған. Қазір оқиға орнында парламент депуттар тобы жұмыс істеп жатыр деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.

СССР тарағаннан кейін Орталық Азия мемлекеттері арасындағы шекараның кейбір бөлігі дауға айналған. Әсіресе Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан шекаралары түйіскен Ферғана алқабындағы көптеген эксклавтар төңірегінде өте күрделі жағдай қалыптасқан.

Соңғы алты жылда Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында оннан астам жанжал болған.

Қырғыз-тәжік шекарасының жалпы ұзындығы - 971 шақырым. Оның 450 шақырымына әлі күнге дейін делимитация жұмыстары жүргізілмеген.

Фотогалерея: Қырғыз-тәжік шекарасындағы жанжалдың хронологиясы (15 наурыз 2019 жыл).

Қырғыз-тәжік шекарасындағы жанжалда екі адам қаза тапты

13 наурызда Қырғызстанның Баткен облысы Ақ-сай ауылы мен Ворух тәжік анклавына қарасты Мехнатабад ауылы тұрғындары шекара маңында қақтығысып қалған. Анклав тұрғындары Ақ-Сай - Тамдык жолының салынуына қарсылық танытқан.
1/9 13 наурызда Қырғызстанның Баткен облысы Ақ-сай ауылы мен Ворух тәжік анклавына қарасты Мехнатабад ауылы тұрғындары шекара маңында қақтығысып қалған. Анклав тұрғындары Ақ-Сай - Тамдык жолының салынуына қарсылық танытқан.
Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасы маңында екі елдің азаматтарының арасында болған қақтығыстан екі адам қаза тауып, бірнеше адам зардап шекті.
Өткен аптада Қырғызстан Ворух анклавы маңынан өтетін Ақ-Сай - Тамдык жолының құрылысын қайта бастаған болатын. Душанбе анклавты айналып өтетін жобаға қарсылық білдіріп, Бішкекті жолды нақтылау туралы келіссөз жүргізуге шақырған.
2/9 Өткен аптада Қырғызстан Ворух анклавы маңынан өтетін Ақ-Сай - Тамдык жолының құрылысын қайта бастаған болатын. Душанбе анклавты айналып өтетін жобаға қарсылық білдіріп, Бішкекті жолды нақтылау туралы келіссөз жүргізуге шақырған.
Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасы маңында екі елдің азаматтарының арасында болған қақтығыстан екі адам қаза тауып, бірнеше адам зардап шекті.
Ресми ақпарат бойынша, жанжал салдарынан Тәжікстанның екі азаматы қаза тауып, екі жақтан жиыны 13 адам зардап шеккен. 14 наурыз күні кешке Қырғызстан үкіметі шекарадағы жағдай тұрақты деп хабарлады.
3/9 Ресми ақпарат бойынша, жанжал салдарынан Тәжікстанның екі азаматы қаза тауып, екі жақтан жиыны 13 адам зардап шеккен. 14 наурыз күні кешке Қырғызстан үкіметі шекарадағы жағдай тұрақты деп хабарлады.
Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасы маңында екі елдің азаматтарының арасында болған қақтығыстан екі адам қаза тауып, бірнеше адам зардап шекті.
Ош-Исфана бағытында жолға шыққан жүзге жуық автокөлік жанжал салдарынан Қырғызстанның Көк-Таш ауылында бөгелді.
4/9 Ош-Исфана бағытында жолға шыққан жүзге жуық автокөлік жанжал салдарынан Қырғызстанның Көк-Таш ауылында бөгелді.
Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасы маңында екі елдің азаматтарының арасында болған қақтығыстан екі адам қаза тауып, бірнеше адам зардап шекті.
Шекара маңындағы қақтығыстан кейін Қырғызстан тарабы жол құрылысын қайта тоқтатты.
5/9 Шекара маңындағы қақтығыстан кейін Қырғызстан тарабы жол құрылысын қайта тоқтатты.
Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасы маңында екі елдің азаматтарының арасында болған қақтығыстан екі адам қаза тауып, бірнеше адам зардап шекті.
25 шақырымдық Ақ-Сай - Тамдык жол құрылысы 2013 басталған. Бірақ Тәжікстан қарсы болып, 2014 жылы құрылыс жұмыстары үш рет тоқтаған. Басында көрші екі елдің үкіметтері айналма жолды салуға өзара келіскен. Бірақ кейін Душанбе Ворух анклавын Тәжікстанмен жалғайтын жол қалдыруды талап еткен. Бішкек онымен келіспейді.
6/9 25 шақырымдық Ақ-Сай - Тамдык жол құрылысы 2013 басталған. Бірақ Тәжікстан қарсы болып, 2014 жылы құрылыс жұмыстары үш рет тоқтаған. Басында көрші екі елдің үкіметтері айналма жолды салуға өзара келіскен. Бірақ кейін Душанбе Ворух анклавын Тәжікстанмен жалғайтын жол қалдыруды талап еткен. Бішкек онымен келіспейді.
Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасы маңында екі елдің азаматтарының арасында болған қақтығыстан екі адам қаза тауып, бірнеше адам зардап шекті.
14 наурызда Қырғызстан президенті Сооронбой Жээнбеков пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон телефон арқылы сөйлесіп, жанжал себебін анықтау үшін арнайы комиссия құруға келіскені хабарланды.
7/9 14 наурызда Қырғызстан президенті Сооронбой Жээнбеков пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон телефон арқылы сөйлесіп, жанжал себебін анықтау үшін арнайы комиссия құруға келіскені хабарланды.
Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасы маңында екі елдің азаматтарының арасында болған қақтығыстан екі адам қаза тауып, бірнеше адам зардап шекті.
Соңғы алты жылда Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында оннан астам жанжал болды. Кейбірінде атыс қаруы қолданылған.
8/9 Соңғы алты жылда Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында оннан астам жанжал болды. Кейбірінде атыс қаруы қолданылған.
Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасы маңында екі елдің азаматтарының арасында болған қақтығыстан екі адам қаза тауып, бірнеше адам зардап шекті.
Қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасының жалпы ұзындығы 971 километрге тең. Қазірге дейін оның 450 шақырымына делимитация жұмыстары жүргізілмеген.
9/9 Қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасының жалпы ұзындығы 971 километрге тең. Қазірге дейін оның 450 шақырымына делимитация жұмыстары жүргізілмеген.
Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасы маңында екі елдің азаматтарының арасында болған қақтығыстан екі адам қаза тауып, бірнеше адам зардап шекті.
Previous slide
Next slide

XS
SM
MD
LG