Accessibility links

Петропавлда журналиске шартты жаза берілді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Петропавл қалалық соты “Квартал” басылымының шеф-редакторы Елена Кузнецованың бостандығын бір жылға шектеп, 35 мың теңге айыппұл салды деп хабарлады "Әділ сөз" баспасөз қорғау қоры 16 наурызда.

Журналистің сотқа тартылуына өткен жылы басылымда жарық көрген үш мақала негіз болған: “Ресейлік инвестордың сыры” (8.11.2018 ж.), "Ресейлік инвестордың әшкереленуі" (15.11.2018 ж.), "Ресейлік инвестордың бұлыңғыр схемалары" (22.11.2018ж.). Петропавл қалалық сотының судьясы Сәуле Литфуллина "жала жабу" бабы бойынша (130-бап, 3-тармақ) айыпталған Елена Кузнецованы кінәлі деп тапқан.

Журналисті сотқа берген ресейлік кәсіпкер Герман Мазур және оның әріптесі Олеся Дацконың айтуынша, жоғарыда аталған мақалаларда "сот үкімімен дәлелденбеген" қате тұжырымдар бар. Ал журналист тағылған айыптармен келіспеген. Сот үкімі әзірге күшіне енбеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG