Бұған дейін халықаралық құқық қорғау ұйымдары оларды босатуды талап еткен. "Экономикалық қылмыс жасады", "есірткі сақтады" және "билік өкілдеріне бағынбады" деп айыпталған Әзербайжанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі де амнистия бойынша босап шыққан. Бұған қоса, өмірлік түрме жазасына кесілген үш сотталушының жазасы 20 және 25 жыл аралығындағы түрме жазасымен алмастырылған.
2 наурызда Әзербайжанда жемқорлық туралы жазбаларымен танымал болған блогер Мехман Гусейнов босатылған еді. Блогердің қамалуын халықаралық қауымдастық айыптап, кейбір сыншылар істің саяси астары барын айтқан еді.
2017 жылы Гусейновты "жала жабу" айыбы бойынша екі жылға соттаған. Кейінірек оны түрме күзетшісіне шабуыл жасады деп айыптаған.