Accessibility links

Жаңа Зеландияда Брентон Таррантқа айып тағылды


Брентон Таррантты полиция қызметкерлері сот залына жеткізген сәт. 16 наурыз 2019 жыл.

Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласында екі мешітте болған шабуылға байланысты қозғалған қылмыстық істегі басты күдікті 16 наурызда аймақтық сотқа жеткізілген. Өзін "ақ нәсілді ұлтшыл" деп атайтын Австралия азаматы 28 жастағы Брентон Таррантты қаруланған екі полиция қызметкері сот ғимаратына апарған.

Сотта Таррантқа "адам өлтіру" бабы бойынша айып тағылған. Қылмысқа қатысы бар деп күдікке ілінген оның тағы екі "сыбайласы" да ұсталған деп хабарлайды "Америка дауысы" сайты.

Сенбі күнгі баспасөз мәслихатында Жаңа Зеландия премьер-министрі Джасинда Ардерн ұстау кезінде де Тарранттың шабуыл жасауға оқталғанын айтқан. Премьер-министр қанды шабуылды айыптап, қару айналымы туралы жергілікті заңнамаға өзгеріс енгізу қажеттігін мәлімдеген. Ардерннің айтуынша, шабуылдаушыда бес қару болған. Олардың бәрін заңды түрде алған.

Айыпталушы шабуыл кезінде Facebook-та тікелей трансляция жасаған. Ол әлеуметтік желіде 74 беттік ұлттық манифестің мәтінін жариялаған. Онда мұсылмандарды айыптап, мигранттарды "жаулап алушы" деп атаған. Әлеуметтік желіде Таррант әлемнің кез келген жері қауіпсіз емес екенін көрсеткісі келгендіктен шабуылды Жаңа Зеландияда ұйымдастыратынын айтқан.

15 наурызда Жаңа Зеландиядағы екі мешітке жасалған шабуылдан кемінде 50 адам қаза тауып, 20 адам жараланған. Ел билігі оқиғаны теракт деп атады. Әлем елдерінің жетекшілері Жаңа Зеландия халқына көңіл айтып, шабуылды қатаң айыптады.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews 18.03.2019
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:28 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG