Accessibility links

Еуроодақ өкілі Ресейді Қырымды аннексиялағаны үшін айыптады


Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы өкілі Федерика Могерини. Киев, 12 наурыз 2018 жыл.
Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы өкілі Федерика Могерини. Киев, 12 наурыз 2018 жыл.

Еуропа Одағының (ЕО) сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы өкілі Федерика Могерини Ресейді Қырым түбегін аннексиялағаны үшін сынады. Ол Украинаның тәуелсіздігі мен жерінің тұтастығын қолдаудан Еуроодақтың айнымайтынын жеткізді. Могерини бұл туралы 17 наурызда мәлімдеді.

Федерика Могерини 2014 жылы 18 наурызда Қырым түбегін аннексиялауды ресми түрде бекіткен Ресейдің ісін "халықаралық құқықты бұзу" деп атап, Қырым аннексиясын Еуропа одағы мойындамайтынын мәлімдеді.

Оның сөзінше, Қырым аннексиясы - "халықаралық қауіпіздікке қайшы келеді және барлық мемлекеттердің жерінің тұтастығын, ынтымақтастығы мен егемендігін қорғайтын халықаралық құқықтық тәртіпке кері әсер етеді".

Кремль 17 наурызда Ресей президенті Владимир Путиннің осы күнге орай Қырымдағы Севастополь қаласына баратынын хабарлады. Могерини "Ресейдің халықаралық заңды бұзуы Керч бұғазы мен Азов теңізіндегі жағдайдың ушығуына әкеліп соққанын" атап өтті.

Еуропа Одағы Ресейге қарсы санкцияларын 2014 жылы енгізген. Бұл шектеу шараларды Мәскеудің Қырымды аннексиялап алуына және Донбастағы сепаратистерді қолдауына байланысты салған. Содан бері Еуроодақ санкцияларының мерзімін әр жарты жыл сайын ұзартып келеді. Санкциялар тізімі үнемі толықтырылып, нақтыланып отырады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG