Accessibility links

Ғизат Нұрдәулетов бас прокурор болып тағайындалды


Қазақстан бас прокуратурасы. Астана, 16 шілде 2018 жыл.
Қазақстан бас прокуратурасы. Астана, 16 шілде 2018 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Ғизат Нұрдәулетов бас прокурор қызметіне тағайындалды. Бұл туралы 18 наурызда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент өкімімен Қайрат Қожамжаров басқа қызметке ауысуына байланысты Қазақстан бас прокуроры лауазымынан босатылды. Ол бұл қызметке 2017 жылы желтоқсанда тағайындалған болатын.

Ғизат Нұрдәулетов 1964 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Қаракастек ауылында дүниеге келген. Жамбыл аудандық прокуратурасында жұмыс істеген. 1997 жылдан бастап 20 жыл ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызмет атқарған.

Ұлттық қауіпсіздік қызметінің генерал-майоры Ғизат Нұрдәулетов 2017 жылы шілдеде бас прокурордың бірінші орынбасары болып тағайындалған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG