Accessibility links

Утрехт қаласында трамвайға шабуылдан үш адам қаза тапты


Оқиға болған аймақ. Утрехт, 18 наурыз 2019 жыл.
Оқиға болған аймақ. Утрехт, 18 наурыз 2019 жыл.

18 наурызда Голландияның Утрехт қаласында белгісіз біреу трамвайға оқ атқан. Полицияның дерегінше, үш адам қаза тауып, бірнеше адам жараланған. Шабуыл жасаған адам әлі ұсталған жоқ. Голландия полициясының дерегінше, шабуыл жасаған адам Түркияда туған.

Оқиға жергілікті уақыт бойынша 10.45-те (Астана уақытымен - 15.45) 24oktoberplein трамвай аялдамасында болған. Полиция "оқиға теракт болуы мүмкін" деп күдіктенеді. Бірақ ел билігі әлі ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Оқиға орнына бірнеше жедел жәрдем көлігі мен полиция машинасы келген. Аймақтағы мектептер жабылды. Полиция тұрғындарға үйден шықпауға кеңес берген. Елдің терроризмге қарсы координаторы жедел жиналыс өткізіп жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG