Accessibility links

Шымкентте уланғандар саны 40-тан асты


Көрнекі сурет.

Шымкент қаласының № 54 мектебінде иіс тиіп, уланғандар саны 45-ке жеттті. Оның 41-і оқушы екені хабарланды. Бұл туралы Азаттыққа 19 наурызда Тұрмахан Орынбаев атындағы облыстық жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығының бас дәрігері Мәдина Ермахамбетова айтты. Бас дәрігердің айтуынша, ауруханаға жеткізілгендердің барлығы қазір үйіне қайтарылған. «Ауруханаға түскендердің барлығында уланудың жеңіл түрі болды» дейді ол.

18 наурызда Шымкенттегі №54 мектепте 38 оқушы газдан уланып, ауруханаға жеткізілген.

Сейсенбі, 19 наурызда жергілікті ақпарат агенттіктері Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің оқиғаға қатысты пікірін жариялады. Бекшин «Балалардың басы мен асқазаны ауырған. Оқиға түстен кейін болған. Ол кезде балалардың қарны аш екені де анық. Балалар тамақтанғаннан кейін жағдайлары жақсарған» деген.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, оқушылар жақын маңдағы қосалқы станциядан шыққан газдың иісінен уланған болуы мүмкін. Ол сондай-ақ, сараптама орталығының мамандары жүргізген тексеру барысында қосалқы станция аумағында, ғимараттың іші мен мектепте ешқандай зиянды зат анықтамағанын айтты.


  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG