Accessibility links

Алматы әлемдегі арзан қалалардың бестігіне енді


Алматы қаласы.
Алматы қаласы.

Economist Intelligence Unit (EIU) зерттеу орталығы әлемдегі өмір сүру деңгейі ең қымбат және ең арзан қалалардың тізімін жариялады. Тізімге барлығы 133 қала енген.

Рейтинг түзгенде бір бөлке нан, бір бөтелке сыра құны, ер адамның екі костюмінің құны және шаштараз ақысы сынды 160-қа жуық қызмет пен тауар бағасы есепке алынған.

EIU рейтингінде Қазақстанның Алматы қаласы әлемдегі арзан бес қаланың қатарына енген:

  • Дели (Үндістан) - 43 ұпай
  • Ченнаи (Үндістан) - 41
  • Буэнес-Айрес (Аргентина) - 41
  • Лагос (Нигерия) - 40
  • Карачи (Пәкістан) - 40
  • Бангалор (Үндістан) - 39
  • Алматы (Қазақстан) - 35
  • Ташкент (Өзбекстан) - 33
  • Дамаск (Сирия) - 25
  • Каракас (Венесуэла) - 13

Париж, Сингапур, Гонконг әлемдегі ең қымбат қалалар тізімін бастап тұр - 107 ұпай. Қымбат қалалар ондығы:

  • Сингапур (Сингапур) - 107
  • Париж (Франция) - 107
  • Гонконг (Қытай) - 107
  • Цюрих (Швейцария) - 106
  • Женева (Швейцария) - 101
  • Осака (Жапония) - 101
  • Сеул (Оңтүстік Корея) - 100
  • Копенгаген (Дания) - 100
  • Нью-Йорк (АҚШ) - 100
  • Тель-Авив (Израиль) - 99
  • Лос-Анджелес (АҚШ) - 99

Economist Intelligence Unit құжатындағы "экономикалық және саяси жағдайларға байланысты арзан қалалардың саны артып келеді" деп жазған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG