Accessibility links

Тоқаев уақытша президент қызметін атқарады


Нұрсұлтан Назарбаев парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп отыр. Астана, 15 тамыз 2018 жыл (Сурет Ақорданың ресми сайтынан алынды).

Қазақстанда уақытша президент қызметін Қасым-Жомарт Тоқаев атқарады. Бұл туралы 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев орталық телеарналар арқылы мәлімдеді. Ол өз сөзінде өкілеттін тоқтататынын айтты.

Назарбаев мәлімдемесінде "Тоқаев - ел басқаруға лайық адам" деді.

Назарбаев "сайлау кезінде сенген" халыққа алғыс айтты. Ол "Нұр Отан" партиясының жетекшісі және Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болып қала беретінін мәлімдеді.

Нұрсұлтан Назарбаев соңғы отыз жылға жуық уақыт Қазақстанды басқарып келді.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG