Accessibility links

Тұңғыш президент кеңсесінің басшысы тағайындалды


Ақорда - Қазақстан президентінің Астанадағы резиденциясы.

Махмұд Қасымбеков Қазақстан тұңғыш президенті кеңсесінің басшысы, ал Абай Бисембаев Қазақстан тұңғыш президенті іс басқарушысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Бақытжан Темірболатқа Қазақстан президенті кеңсесінің бастығы міндетін уақытша атқару жүктелді. Ерлан Баттақов Қазақстан президентінің іс басқарушысы міндетін уақытша атқарады.

Назарбаев қол қойған жарлық 19 наурызда Ақорда сайтында жарияланды.

19 наурызда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев орталық телеарналар арқылы мәлімдеме жасап, өкілетін тоқтататынын мәлімдеді.

Назарбаев "сайлау кезінде сенген" халыққа алғыс айтты. Ол "Нұр Отан" партиясының жетекшісі және Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болып қала беретінін хабарлады.

Назарбаев сайлау өткенге дейін уақытша президент қызметін сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев атқаратынын айтты. Назарбаев телеарна эфирінде өкілетін тоқтату туралы жарлығын оқып берді.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews 24.05.2019
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:31 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG