Accessibility links

20 наурызда парламенттің бірлескен отырысы өтеді


Парламент отырысы. (Көрнекі сурет.)

19 наурызда Қазақстан парламенті мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы қаулы қабылдады.

Қаулыға сай, парламенттің бірлескен отырысы 20 наурыз күні Астана уақытымен сағат 12.00-де басталады.

19 наурызда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми БАҚ арқылы мәлімдеме жасап, биліктен кететінін жариялады.

Қазақстанды 30 жылға жуық уақыт басқарған 78 жастағы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдемесінде "Мемлекетіміздің аса маңызды тарихи сәттерінде халқыма үндеу жолдайтынымды білесіздер. Бүгін де баршаңызға үндеу жариялағалы отырмын. Бірақ бүгінгі үндеудің маңызы зор. Мен Қазақстан Республикасының Президенті ретіндегі өкілетімді тоқтату жөнінде шешім қабылдадым. Бұл ­- оңай шешім емес" деді.

Назарбаев "сайлау кезінде сенген, дауыс берген" халыққа алғыс айтты. Ол "Нұр Отан" партиясының жетекшісі және Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болып қала беретінін мәлімдеді.

Назарбаев сайлауға дейін уақытша президент қызметін сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев атқаратынын айтты. Ол 20 наурызда ант қабылдайды.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews 24.05.2019
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:31 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG