Accessibility links

Қасым-Жомарт Тоқаев 20 наурызда ант береді


Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев.

19 наурызда Астана уақытымен сағат 19:00-да Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналардан халыққа үндеу жасап, президенттік өкілетін тоқтататынын мәлімдеді.

Назарбаев үндеу жасап жатқанда қол қойған "Қазақстан Республикасы президентінің өкілетін атқару туралы" жарлыққа сәйкес, оның президенттік өкілеті 20 наурызда тоқтатылады.

Ел конституциясының 48-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан президентінің өкілеті мерзімінен бұрын тоқтатылғандықтан қалған мерзімде оның өкілеті парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа көшеді. Ол бұл қызметті жаңа президент сайланғанға дейін атқарады.

Конституцияның 48-бабының 2-тармағына сай, Тоқаевтың ант беру рәсімі, Орталық сайлау комиссиясының келісімімен, 2019 жылы 20 наурызда Астана уақытымен сағат 12:00-де парламенттің бірлескен отырысында өтеді деп хабарланды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG