Accessibility links

Якутскіде мигранттарға қарсы наразылықтан соң бір топ адам ұсталды


Заңсыз мигранттарға қарсы жиынға қатысушылар. Якутск, 18 наурыз 2019 жыл.
Заңсыз мигранттарға қарсы жиынға қатысушылар. Якутск, 18 наурыз 2019 жыл.

19 наурызда Ресей құрамындағы Саха республикасының астанасы Якутск қаласында жеміс-жидек сататын дүңгіршектерді шағып-қиратқан деген күдікпен бір топ адам ұсталды. Бұл туралы Саха республикасы ішкі істер министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап "Сибирь.Реалии" хабарлады.

Қанша адам ұсталғаны айтылмайды. Тұрғындарды ұлтаралық араздықты қоздырмауға шақырған Якутск полициясы бастығы қаладағы жағдай "бақылауда" екенін айтқан.

19 наурызда Орталық Азиядан келген мигранттар істейтін 80-ге жуық қоғамдық көлік жұмысқа шықпай, бірнеше дүкен мен базар жабылған. Саха еліндегі қырғыз диаспорасы Якутскіде жүрген Қырғызстан азаматтарын сыртқа шықпауға шақырды.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Якутскіде "16 наурызда 23 жастағы Қырғызстан азаматы 36 жастағы әйелді ұрлап әкетіп, зорлаған. Оған екі қырғызстандық болысқан" деген ақпарат тараған еді. Жергілікті полиция қылмысқа күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

17 наурызда Якутскіде 200-ге жуық адам наразылық білдіріп, Орталық Азиядан келген мигранттарды елден шығаруды талап еткен. 18 наурызда бес мыңға жуық адам Якутск қаласындағы Триумф стадионына жиналып, наразылықты жалғастырды. Оларға Саха республикасының басшысы Айсен Николаев пен Якутск қаласының әкімі Сардана Авксентьева жолығып, тарауларын сұрады. Қала билігі қылмыс оқиғасы жіті тексеріліп, айыптылар жазаланатынын айтты.

Саха еліндегі қырғыз диаспорасының жетекшісі Жазбек Бекболаев Азаттықтың Қырғыз қызметіне "жағдай өте қиын" деп хабарлаған. Қырғыз диаспорасының дерегінше, Саха республикасында он мыңға жуық мигрант бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG