Accessibility links

БАҚ: Польша соғыс құрбандарын еске алу шарасына Путинді шақырмады


Польша президенті Анджей Дуда.
Польша президенті Анджей Дуда.

Польша Екінші дүниежүзілік соғыстың басталғанына 80 жыл толуына орай ұйымдастырылған еске алу шарасына Ресей президенті Владимир Путинді шақырмады. Бұл туралы Польша президенті Анджей Дуданың өкіліне сілтеме жасап жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.

Бұған дейін Польша сыртқы істер министрлігі Ресей президентін шараға шақыру туралы ұсыныс жасағанын хабарлаған. Кейін министрлік шараны президент кеңсесі ұйымдастырып жатқанын, оған шақырылатындар туралы шешімді мемлекет басшысының өзі қабылдайтынын айтты.

Кремль бұл ақпаратқа әзірге пікір білдірген жоқ.

2009 жылы Польшада Екінші дүниежүзілік соғыстың басталғанына 70 жыл толуын еске алу шарасына өзге шетелдік қонақтармен бірге Ресей президенті де қатысқан болатын.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG