Accessibility links

Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Қытай елшісімен кездесті


Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік тулары. (Көрнекі сурет.)
Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік тулары. (Көрнекі сурет.)

20 наурызда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Сяо Чжанмен кездесті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесуде тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы тату көршілік қарым-қатынастарды одан әрі нығайтудың және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті делінген хабарламада.

Чжан Сяо Нұрсұлтан Назарбаевқа Қытай басшысы Си Цзиньпиннің биыл сәуірде Пекинде өтетін "Бір белдеу, бір жол" атты екінші халықаралық ынтымақтастық форумына шақыруын жеткізген.

19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналардан халыққа үндеу жасап, президенттік өкілетін тоқтататынын мәлімдеген еді.

Назарбаев президент ретінде қол қойған соңғы жарлыққа сәйкес, оның президенттік өкілеті 20 наурызда тоқтатылды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG