Accessibility links

Тоқаев мемлекет астанасын Нұрсұлтан деп атауды ұсынды


Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаев.

20 наурызда парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында Қазақстан халқына ант беріп, президент қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет астанасына елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруді ұсынды.

"Қазақстан астанасын Нұрсұлтан деп атауды ұсынамын" деді Тоқаев.

Бұған қоса Тоқаев тұңғыш президенттің құрметіне ел астанасында монумент орнатуды, барлық облыс орталықтарындағы басты көшелерге Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беру туралы ұсыныс айтты.

Президент қызметіне кіріскен Тоқаев алғашқы жарлығымен Нұрсұлтан Назарбаевқа "Халық қаһарманы" атағын беріп, "Алтын қыран" орденін тапсырды.

Тоқаев Назарбаевты "саяси ұстазым" деп атап, алғысын білдірді.

19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналардан халыққа үндеу жасап, президенттік өкілетін тоқтататынын мәлімдеген еді.

Назарбаев президент ретінде қол қойған соңғы жарлыққа сәйкес, оның президенттік өкілеті 20 наурызда тоқтатылды.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG