Accessibility links

Бекетаев: Астана атауын ауыстыру үшін Конституцияға өзгеріс енгізіледі


Астана қаласының Есіл өзенінің сол жағалауындағы көрінісі
Астана қаласының Есіл өзенінің сол жағалауындағы көрінісі

Қазақстанның әділет министрі Марат Бекетаев "Астана" атауын ауыстыру үшін Конституцияға өзгеріс енгізілетінін айтты.

Ол бұл туралы 20 наурызда Астанада жаңа президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ант қабылдауынан кейін журналистер сұрағына жауабында мәлімдеген.

- "Астана" атауы Конституцияда айқындалған. Сондықтан барлығы Конституция нормалары бойынша реттелуі керек, - деген ол негізгі заңға бірінші рет өзгеріс енгізіліп отырмағанын еске салды. Министр Бекетаевтың айтуынша, ел астанасының атын ауыстыру тиісті нормативті актілер арқылы жүзеге асатын болады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ант беру рәсімінен кейін сөйлеген сөзінде Қазақстан астанасының атауын "Нұрсұлтан" қаласы деп атауды ұсынған еді. Тоқаев тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне ел астанасында ескерткіш орнатып, барлық облыс орталықтарындағы басты көшелерге Назарбаевтың атын беру жайлы да айтқан.

Ал Қазақстан Конституциясының 48-бабында президент өкілетін қабылдап алған тұлғаның негізгі заңға "өзгерістер мен толықтырулар туралы бастамашылық жасауға құқығы жоқ" делінген.

Он тоғызыншы ғасырдағы Ақмола бекінісі орнындағы Астана қаласы Совет дәуірінде "Целиноград" аталды. 1992-1997 жылы тарихи "Ақмола" атауын иеленген қала 1997 жылдан бастап ел астанасы болды. 1998 жылы қала атауы "Астана" атауына өзгертілді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG